Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық Фариза Оқуларының қорытындысы

13.12.2017

Аудан  мектептерінің  жыр сүйер  оқушыларының  қатысуымен "ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..." атты аудандық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндер байқауы  өтті. 

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

-  ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете  білу;

-  жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен  түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

-   ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу;

Байқауға қатысушылар жас ерекшелігіне  қарай:

-  "Эстрадалық вокал"

-  "Көркем сөз" жанрларында  бақтарын  сынады.

Атаулы  аудандық  байқауда  біздің  мектебіміздің  қатысушылары  жақсы  нәтиже  көрсетті:

«Эстрадалық  вокал»  жанрында жас  ерекшелігі  бойынша  Жоғарғы  топта  өнер  көрсеткен  Амирова  Аружан  байқаудың  Бас  жүлдені  /мұғалімі  Жұмабаева  А.А./,  Орта  топ  қатысушыларының  арасында  өнер  көрсеткен Қалдымұратов  Бахтияр  ІІ  орынды   /мұғалімі  Ерназаров  М.Т./,   Кіші  топта  Мазуркевич  Дарья  І орынды /мұғалімі  Қолышбекова  Г.С./,  Каримова  Самира  ІІ  орынды  /мұғалімі  Қолышбекова  Г.С./, Миллер  Таисия ІІІ орынды  /мұғалімі  Ипова  Ж.С./   қанжығаласа,

"Көркем сөз"  жанры  бойынша  Жоғарғы  топта өнер көрсеткен Жексембаева Аружан І  орынға /мұғалімі  Айдосова  Б.Е./, кіші топта Абдулина  Іңкәр ІІ орынға  /мұғалімі  Магзумбекова  С.Н./ , Сағатбекова  Арайлым ІІІ   орынға  /мұғалімі  Баймурзина  А.С./  ие  болды.

Лирик ақын, сыршыл жыр суретшісі Фариза Оңғарсынованың  шындыққа бас иген, сандуғаштай сайраған  жырларында бүгінгі ұрпаққа үлгі болар дүние мол. Фариза поэзия әлемінің асқар шыңында біздер үшін ақындық сезімі ерекше, қаламгерлік идеясы асқақ жан болып қала бермек...

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст