Мектебіміздің оқушыларының шығармашылық әлеуетін жетілдіріп, дамыту - тұрақты түрде дамып келе жатқан игі үрдіс болып табылады. Бұр үрдіс музыка пәні мұғалімі және өнер үйірмесінің жетекшісі Жұмабаева Айнұр Амантайқызының тікелей жетекшілігімен жүзеге асырылып келеді. Оқушыларымыз аудан көлемінен де тыс облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі биік шыңдардан көрініп жүр.
Еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай және Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Айнұр Амантайқызы мен оның шәкірттері "Мен - елімнің ұланымын" атты есептік шығармашылық концерт берді.
Шығармашылық кешке аудандық мекемелерден, аудандық газеттер редакциясынан, ауылдык округтен, ата-аналар қауымынан құрметті қонақтар шақырылды. Көрермендер түрлі деңгейде өнер көрсетіп, жүлдегер, лауреат атанған оқушыларымыздың өнерін және өнерпаздардың жүлделері қойылған көрмені тамашалады. Концертте мектебіміздің домбыра оркестрі, "Балдәурен" вокалдық тобы, "Іңкәр" триосы тамаша өнер көрсетті. Шығармашылық кеш жоғары деңгейде өтті.
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!
Қазақстан – тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,
Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.
Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып,
Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде.
Нәсібін Алла қазағыма аямастан беруде,
Көктен де жерден байлығын дағы төгуде.
Қарыштап, дамып бар елге болдық төреде,
Азаттықтың ақ сұңқарлары қазағымның көгінде.
Тәуелсіздік - Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң!
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
ТӘУЕЛСІЗДІК!
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті -
Аманат қой Маған, Саған, Оған да!
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.