Сабақтың тақырыбы: Тасымал. «Өз Астанам – өз Ордам».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда тасымал жайында түсінік қалыптастыру, сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға, сөздердің буынға бөлінетін бөлігінен тасымалдауға машықтандыру. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тіл мәнерін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, туған елін, жерін, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, баяндау, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Астана қаласының суреті, карта, ребус, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастырушылық кезең
а/. Оқушылармен амандасып, түгендеу
ә/. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
б/. Топқа бөлу
ΙΙ. Үй жұмысын тексеру
а/. Мұғалім:
- Балалар, Әнұран еліміздің несіне жатады?
- Ел рәміздерін атап жіберіңдерші.
- Әнұран авторлары кімдер?
- Ендеше, үйге берілген Ө.Ақыпбекұлының «Әнұран» өлеңін жатқа айтып берейік.
ә/. Өткен тақырыпты бекіту
«Кім жылдам?» ойыны топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
4 топқа төрт түрлі тапсырмалар беріледі.
1. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құра, дауысты дыбыстарды теріп жаз.
2. Берілген буынға буын қосып, бірнеше сөз жасап жаз.
3. Суреттерге қара, олардың аттарын буынға бөліп айт және жаз. Әр сөзде қанша дауысты дыбыс бар?
4. Ребусты шеш, тапқан сөзіңнен сөйлем құра.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/. Жаңа тақырыпқа кіріспе
- Балалар, өздеріңнің сүйікті кейіпкерлерің Дараға темір жол қызметкері бір билет беріпті, бірақ ол қай қалаға екенін білмей тұр. Біз оған көмектесеміз бе ?
Ендеше, мына жұмбақтарды шешейік:
Түнде жерге жарық береді,
Ал күндіз жоғалып кетеді. (Ай)
Сырт - сырт етеді,
Құлағыңнан өтеді. (Сағат)
Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа)
Қолыма иіріп атқаным не? (Асық)
Күнде жейміз,
Тәтті дейміз.
Қадір тұтып,
Құрметтейміз. (Нан)
Өзі қызыл, өзі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)
ә/. Жұмбақ жауаптарының алғашқы әріптерін қосып оқығанда, Қазақстан Республикасы астанасы Астана қаласының аты шығатынына оқушылардың назары аударылады.
б/. Карта бойынша жұмыс
Дара Астанаға жету үшін қаланың Қазақстан картасынан қай жерде орналасқанын білуі керек. Картадан кім тауып береді Астана қаласын?
б/. Танымдық материалмен жұмыс
Мұғалім:
- Жарайсыңдар, Дара Астана қаласына келіп жетті, енді ол біздің елордамыз туралы мәліметтер алғысы келеді екен.
- Балалар, біз астанамызда қандай ғимараттар бар? /Көрнекіліктерге назар аударылады/
ü 1997 ж. егемен Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды
ü1998 ж. 6 мамыр күні жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді
ü1998 ж. 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді
ü Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Ол"киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
ü Қалаға көрік берер жерлер өте көп:
- Сулы-Жасыл бульвар — Астана орталығындағы жаңа көше
- Ақ-Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
- Бәйтерек — Астананың басты символы (биіктігі 97 метр, 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
- Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
- Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өткізілген салтанатты ғимарат
- Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы
ü Астана Есіл өзенінің бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіші қойылған.
ü Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді. Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан.
ІV. Оқулықпен жұмыс
1. Лексикалық материал
89- жаттығу. «Өз Астанам – өз ордам» өлеңін оқу.
а/. Өлеңді мұғалінің мәнерлеп оқуы
ә/. Өлеңді оқушылардың оқуы
б/. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
– Өлеңде Астана туралы не айтылған?
– Астана жайлы тағы не білесің?
2. Грамматикалық материал
а/. Астана сөзінің тасымалдану жолдарын түсіндіру
ә/. Түсіндірме жұмыстары
- Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады?
- Ал , буын саны неге байланысты болады?
- Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек?
- Ал, енді елорда сөзін тасымалдап көрейік
- Неше жолмен тасымалдаймыз? (1) Ел -орда, 2) Елор-да)
б/. Ереже қорыту
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданған бөлігінен соң, сызықша (дефис) қойылады: ұс- таз, те-ре-зе, мек-теп.
Тілімізде тасымалданбайтын сөздер де бар:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, күрт, жұрт т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г. Дулатова т.б.
V. Сергіту сәті
VΙ. Дәптермен жұмыс
· Жазу жазғанда отыру жайлы нұсқаулық беріледі
а/. Жаттығу жұмысы
· 31 бет, 1- жаттығу. Бағанды толықтыру (тақтада орындалады):
ба- ла- лық |
ше- бер-ха- на |
ба- лалық |
ше-берхана |
бала- лық |
шебер-хана |
шеберха-на |
· «Жоғалған буынды тап» ойыны: Бәй - ...- рек, ел-... - ба, Қа- зақ- ..., ел-ор-..., ...-ұ-ран.
· 31 бет, 2-жаттығу. Астана жайында білетінді жазу:
(оқушылар өздігінен орындайды). Жаттығудың орныдалуы тексеріледі.
· 32 бет, 3- жаттығу. Сөздерді тасымалдап көрсету (топтық жұмыс) Жар- ғанат, жарға- нат. Бос-тандық, бостан- дық. Уа- қыт. Топтар тапсырманы өзара тексеріп, бағалайды.
VІІ. Жаңа сабақты пысықтау
- Балалар, Дара ойын сауық орталықтарына барып ойнағысы келеді екен, алайда оған мынадай тапсырма беріліпті.
а/. Топпен жұмыс
Ойын «Тасымалданбайтын сөздерді тап»
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Заман жаңа, ел жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам – өз ордам,
Сүйсінерім сен ғана!
Балалар жаттығуды ауызша орындап, жауаптарды парақтарға жазып көрсетеді. Интерактивті тақта бойынша өздерін өздері тек ереді, бағалайды.
Жауаптары: жая, өз, аш, ел, кең, сен
ә/. Жаңа білім боынша қойылатын сұрақтар:
- Тасымал дегеніміз не екен?
- Сөздерді қалай тасымалдаймыз?
- Қандай сөздер тасымалданбайды?
VΙІІ. Бағалау
Оқушылардың жинаған белгілерін санап, білімдері бағаланады.
ІХ. Үйге тапсырма беру
1/. Н. Айтов «Өз Астанам- өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау
2/. 60 бет, 90- жаттығуды орындау, ережелерді қайталау
Х. Сабақ қорытындысы
- Осымен, балалар, сабағымыз аяқталды. Дара сендерге риза екенін білдіріп жатыр.
Балалар хормен:
Үлкенге де – сіз,
Кішіге де – сіз.
Сіздерді
Құрметтейміз біз!
Сау болыңыздар!