Біздің оқушыларымыз Қарағанды қаласында Орталық-Қазақстан шағын ғылыми Академиясының ұйымдастыруымен Балалар мен жеткіншектер сарайында өткен 48-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 1-ші деңгейлі оқу-зерттеу жұмыстарының додалы байқауына қытысып, жүлделі жеңіспен оралды.
Атап айтқанда,
- Биохимия секциясында «Бір клеткалы жасыл балдыр Chlorella табиғи түрлеріне иондардың әсері» /ғылыми жетекшісі Татаева Р.Б./ тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғаған 7г сынып оқушысы Мұзарапша Жаннұр жүлделі ІІ орынға
- Өлкетану секциясында «Ақмол ауылы құстарының құпиясы» /ғылыми жетекшісі Рахметов Б.М./ тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғаған 6ә сынып оқушысы Батырғали Рахат жүлделі ІІ орынға
- Технология секциясында «Как заменить древесину на уроках технологии нетрадиционным материалом» /ғылыми жетекшісі Абдигапарова Н.З./ тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғаған 7б сынып оқушысы Хомуленко Владислав жүлделі ІІІ орынға ие болса,
- Тілтану секциясында «Ономастика: происхождение и семантика имён» /ғылыми жетекшісі Матвиевская Г.В./ тақырыбы бойынша ғылыми жоба қорғаған 7б сынып оқушысы Грановский Сергей «Үздік зерттеу жұмысы үшін» аталымы бойынша Мақтау грамотасымен марапатталды.
ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!