Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кемелді келешек бағдарламасы

12.02.2018

Яхина Алла Айдарбекқызы

№5 Ақмол орта мектебінің директоры

Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  биылғы кезекті Қазақстан  халқына  Жолдауы – еліміздің қарқынды  экономикалық  даму  жолына  бет  алғаны  нақтылана  отырып,  алдағы  уақытта  жүзеге  асырылатын  он  негізгі  міндеті аталған  саяси  құжат, өркениетті  елдердің  қатарына  қосылудың  маңызды  бағдары, кемелді келешек бағдарламасы.  Ел  дамуының  басты  мақсаты ретінде таңдап  алынған  2050  жылға  дейінгі  даму  стратегиясы, «100  нақты  қадам»  атты  Ұлт  жоспары,  Рухани  жаңғыру,   Цифрлы Қазақстан сияқты ірі  реформалық  бағдарламалар  аясында    айқындалған  он  нақты міндет  біздің  қоғамымыздың  қарқынды  даму  жолындағы  үлкен  қадам  жасауына  мүмкіндік 

береді.

Мемлекет  басшысы  Жолдауында  адами  капиталды  дамытуға,  ұлт  денсаулығын  сақтауға, білім  беру  үрдісі    тәжірибесіне  жаңартылған   білім  мазмұнын  енгізе  отырып,  жаңа  формациялы түлектер  тәрбиелеуге,  мұғалімдердің  мәртебесін  арттыруға  ерекше  көңіл  бөледі.  Мектебіміздің  мұғалімдері  Елбасының  «2025 жылға  дейін  білім  берудің  барлық  деңгейінде латын  әліпбиіне  көшудің  нақты кестесін  жасау  қажет.  Өзінің  тарихын,  тілін, мәдениетін білетін,  сондай-ақ,  заманына  лайық,  шет тілдерін  меңгерген,  озық әрі  жаһандық көқарасы бар  қазақстандық біздің  қоғамымыздың идеалына  айналуға тиіс» - деген  пікірін  толығымен  қолдайды. Бүгінгі  жылсайын  қарыштап  дамып  келе  жатқан  еліміздің мұғалімінің  алдында  заманауи  білім беруде цифрлық  білім беру ресурстарын кеңінен  қолдана  білу,  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар  болу, шығармашылықпен жұмыс  істей  алу, сапалы білім мен  саналы  тәрбие  беру  ісінде озық педагогикалық  технологияларды  шебер де  терең  меңгеруге  ынталы  болу,   біліктілігі  мен  білімі  жоғары  болу  міндеті  тұр.

Қазақстан  дамуының  негізгі  принциптері  көрсетілген, еліміздің әрбір азаматының  жүрегіне  жылу  ұялатып, ертеңгі  күніне деген  сенімін  арттыра  түскен Елбасының биылғы  Жолдауында  көрсетілген  он  негізгі  міндет Отанымыздың  алдыңғы  қатарлы  отыз  елдің  қатарына  еніуіне жағдай  жасайтын,  еліміздің  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ететін сенімді  стратегия  деп  білеміз. 

   Жолдауда білім беру саласына қатысты анықталған  мақсаттар мен  міндеттерді  жүзеге асыру  үшін  мектебімізде барлық  жағдайлар  жасалған.

Мектебіміздің  мұғалімдері биылғы  Жолдауды  қызу  қолдай  отырып,  осы саяси  құжатта  алға 

қойылған  міндеттерді  бірлесе  отырып   жүзеге  асыруға  күш салатынына,  еліміздің  патриоты ретінде  мемлекетіміздің  гүлденген,  жоғары  мәдениетті  қоғам болуы  үшін  аянбай  еңбек  ететініне сенімдімін.

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст