Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ел дамуының болашақ бағдары" атты аудандық семинар

19.02.2018

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы- ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің  логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалы мақала.

Мақаланың  «Тәрбие және білім» кіші жобасын жүзеге асыру аясында   ақпан  айында  «Ақмол  ауылының №5 орта мектебі» ММ-де мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасарларының қатысуымен аудандық семинар өтті.  Семинар ток-шоу «Bilim»  бағдарламасы түрінде  өтіп, келген қонақтар мақаланың мазмұны кеңінен талқылау барысында ашық диалог негізінде  өз пікірлерін, өз ойларын ортаға  салды.

Мақаланың үлкен, шоқтығы биік, сүбелі тұсы – ол тарихи орындарды зерттеу, тарихымызға үңілу. Тарихи мекендердің картасын жасап, сол арқылы ұрпаққа ұлттық сананы сіңіру. Елбасының айтуы бойынша, кез-келген қазақ өзінің шыққан жерінің тарихын жинақтап, киелі жерлеріміздің картасын жасауы керек. Осы жөнінде бағдарламамызға арнайы шақырылған тарих пәнінің мұғалімі С.А. Канапин өз пікірін, өзінің жинақтаған материалдары топтамасымен  таныстырды. Серік Аллажарұлы «Туған өлке тарихы» деп аталатын мақаласында  өзінің туып - өскен жеріңде қаншама тарихи сыр жатқаның, соның ішінде Ақмола уезінде Қонырқұлжа Құдаймендиннен кейінгі аға сұлтан болған Ыбырай Жайықбаев, кезінде Қазақстан үкімет басшыларының бірі болған Ниязбеков Сабыр және т.б Ақмола облысында  өшпес іс пен ұлағатты сөз қалдырған текті бабалар туралы айтып өтті.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі – ұлттың терең тарихынан бастау алатын, тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дəстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», − деп атап көрсетті. Осы тұрғыда мектебіміздің  тарихшылары Ж.Т. Ахманов, Ж.М Бустанов өз пікірлерін, өз ойларын  айтып кетті. Семинарға қатысып отырған ұстаздар, оқушылар да белсенді қатысып, Елбасының мақаласы туралы өз ой- тұжырымдарымен  бөлісті.

Мақалада қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің кезеңдік бөліктерін нақты анықтап берді. Латын графикасына көшіру мәселелері, жаңа әліпбиді жасау мерзімдері, құжат айналымы мен кітап бастырудың латын әліпбиіне көшірілуі жайында айтылған болатын. Осыған орай, тіл мамандары С.В Жунусова, М.А Туркешева латын қазақ əліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы туралы, білім беру жүйесінде дүние жүзінде баламасы жоқ бағдар­лама іске асырылатынын, әлемдегі ең жақсы әр түрлі тіл­дердегі 100 оқулық қазақ тіліне аударылатындығы туралы айтып кетті. Бұл халқымыз­дың білімін әлемдік кеңістікке, ғаламдық деңгейге алып шығуға тың серпін беретіні сөзсіз.

  Сонымен қатар, семинар соныңда тарих пәні мұғалімі Н.А Горицина Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы  жылғы Қазақстан халқына жолдауының негізгі  бағыттарына  тоқталды.

Мектебімізде ұйымдастырылған бұл аудандық іс-шара мағыналы, мазмұнды, жақсы деңгейде өтті. Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы қоғам дамуына тың серпін беріп, әрбір азаматты алға жетелейтін тарихи күшке айналатынына сенемін.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст