Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан - мейірімділік мекені" қайырымдылық акциясы

20.02.2018

«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» – дейді қазақ. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі.  Дәстүр бойынша бізде де,  «№5 Ақмол орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алу мақсатында «Қазақстан – мейірімділік мекені» тақырыбында  қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында түрлі іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Атап айтқанда, барлық сыныптарда оқушыларды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында  «Мейірімділік –  асыл қасиет»,  «Жақсылықтан – жақсылыққа», «Жылы жүрек – жақсы тілек», «Рахмет саған, анашым»  тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, сыныптар бойынша Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде,  46 оқушыға азық-түлік,  киім- кешек түрінде  шамамен 217 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, мектебіміздің мұғалімдері Қ.Р Бердешеваның,  Б.Ж. Куандықованың,  Р.Р. Үсенованың, Ұ.А. Қалабаеваның, З.Ж. Касенованың, Г.М. Төлеубайдың, Б.Е. Айдосованың тарапынан да қайырымдылық жасалып, 7 оқушыға көмек  көрсетілді.  

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей, жан-жағына жақсылық жасап, жарымжан жандардың жанын жадыратуға себепші болған барлық ұстаздарға, ата- аналарға алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 720


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст