Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толады. Бұл қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді, олардың ерліктерін еске алу күні. Осыған орай мектебіміздің оқушылары жүрек тебірентер өлең жолдарын оқып, ән айтып, би биледі.
Отаннан алыс, ең қиын жағдайда олар өз міндеттерін адал орындады, кәсібилік пен рух күшін көрсетті.
Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеу үшін жіберілген Қазақстаннан келген әскери қызметшілердің саны 22 мыңнан адамды құрады.
Бүгінде сол соғыстың ардагерлері ел мен қоғам өміріне белсенді қатыса отырып, маңызды жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Оларды қазір де сол кездегідей табандылық пен даналық, Отанға деген сүйіспеншілік пен белсенді азаматтық ұстаным ерекшелендіреді.
Интернационалист жауынгерлерге шын жүректен зор денсаулық, амандық және рух сергектігін тілейміз!