Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіз Қазақстан - біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз»

13.12.2019

Мақсаты: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси  сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!  Біздің 4 «Д» сыныбының  «Тәуелсіз Қазақстан - біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын!

 

  1. Көрініс. «Тәуелсіздік таңы»

Бекзат: Апа, апа, анашым!                                                                                                    Мен түс көрдім, апа! (жүгіріп анасының қасына келеді)                                             Түсімде ақ боз атыма мініп алып, шауып келе жатыр екем. Аяқ астыма қарасам, сап-сары болып төгіліп жатқан бидай екен.

Ақырын түсіп алысқа көз тігіп қарасам, биік-биік мұнартқан таулар, етегінде сылдырап аққан мөлдір бұлақ, шиқылдап ұшқан құстардың үні естіліп жатты.

Алысқа көз тігіп қарап едім, күншығыстан күннің көзі күлімдеп бетімді қыдықтағандай болды.

Осындай тәтті түстің құшағында жатып, еріксіз күліп оянлым, апа. Апа, бұл не түс?

Семанура: Иә, балам, келе ғой құлыным! Айта ғой, ботам, түсіңді.                           Түсіңнен айналдым, құлыным! Бұл керемет қой! Неткен ғажайып түс!? (тақиясын шещіп, баланың маңдайынан сүйеді)

Балам, ақ боз атқа мінсең – арман-тілегің орындалады екен. Аяқ астындағы бидайың – тоқшылықтың белгісі. Ал, асқар тау мен бұлағың – елдің тыныштығы мен бірлігі.

Күннің күлімдеп шыққаны – Тәуелсіздіктің тағы бір таңының атқаны.

 

Мұхтар:

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,

Қымбатты да, баға жетпес барымыз.

Тәуелсіздік -  білектегі әліміз,

Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.

 

Тұр ғой соғып, туған дала жүрегі,

Жеріміз бар, қасиетті, киелі.

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз

Сен бақытты, атам қазақ баласы!

 

Айару:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.

 

Алтын күнім арайлап шуақ шашатын,

Дархан елміз әлемге құшақ  ашатын.

Қазақтың терімен нәр алған даласы,

Тәуелсіз бейбіт ел, мәңгілік жасасын!

 

Айым:

 

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар, қазақ қыздары.

 

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтің орнына.

Абылай:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып, аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

Болсын осы ар алдында сөз ақтық

Қан мен намыс, болса, бойда қазақтық

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен

Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық!

Шыңғыс:

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттық теңдігі,

Егемендік – елін, жерін қорғаған

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

 

Желтоқсаным Тәуелсіздік тірегі

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін

Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

«Желтоқсан тарихы» видеоролик.

Айша:

Адам өткенін жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды. Қазақ халқы басынан сан қилы қиындықтарды өткізді. Ал 1986 жылы елімізде желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтар қыршынынан қиылды.

 

Ерасыл:

1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңына қазақ жастары жиналып, Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытты.

Нұраңсар: (Ерболға)

Алтын баулы лашын

Биікке жазбай құла шын.

Қарақұсқа жем болды-ай!

Алтын баулы лашын

Момыным-ау, жуасым,

Қапияда қор болды-ай!

Танадай көзі жайнаған,

Жас ботадай ойнаған,

Алтыным-ай, қайтейін

Ербол, Ербол атыңды

Қор болсын деп қойдым ба?,...

Аяна: (Сәбираға)

Бұлдыр да бұлдыр, бұлдыр күн

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болмай Алладан

Қызығымды жалмаған

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Ақ білектей сүйрігім,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығын

Аққудай аппақ нәзігім...

Ибрагим: (Қайратқа)

Бөрілі байрақ ту алған,

Жау көрсе жағы суалған,

Бос көрсе жаны қуанған

Далада көші шұбалған

Арғы атаң сенің кім еді?!

Арманда өткен боздағым,

Алатау ма еді қонысың,

Қаратау ма еді қонысың

Опат болдың сол үшін!

Арқа ма еді қонысың,

Атырау ма еді қонысың,

Опат болдың сол үшін!

Мөлдір: (Ләззатқа)

Бота көзің боталап,

Қиянаттан қаталап,

Дәл он алты жасыңда

Жан адам жоқ қасыңда

Қыршыныңнан қиылдың,

Қара жерге бұйырдың.

Ал қара көк аспанның

Аясын, Ләззат.

Шейіт болған жас жаның

Тыным алсын, Ләззат.

Көктем келді, ұйқыңнан

Оянарсың, Ләззат....

 

Хор. «Көк тудың желбірегені»

 

Көрініс: «Туған жер» (Әжесі – Семанура, немересі – Абылайхан.)      

      (Аяғын ақырын басып әже шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Әже, не ойлап отырсыз?

Әжесі: Ә, балам, әжең не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!

Немересі: Әже, «Өткен өмір» деген не?

Әжесі: Ә, балам, «Өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ол қандай болған?

Әжесі:Ендеше тыңда, балам.                                                                                                                                        

Болмаса да оқыған тарихшы атым,                                              

Жинадым ескілерден тарих хатын.                                                                                                                           

Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,                                                                                                                         

  Айтылған аталардың аманатын.                                                                                                                                            

Есімі еш адамның өшпейді екен,                                                                                                                         

Артында ұрпақ жүрсе жаңғыратын,                                                                                                            

 Ұмыттырмау «Жеті атасын» парыз екен,                                                                                                                 

 Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген. 

Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезден біздің ата - бабаларымыз туған жерін қызғыштай қорғап, осы күнге жетуді арман еткен.

Немересі: Әже, туған жер дегенді қалай түсінуге болады?

Әжесі: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, сақтауың керек.

Немересі: Әже, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Әжесі: Жарайсың, балам! 

 

                                Туған жер                                                                                                            Ф. Оңғарсынова                                                                                                            Бүркітбай Айару

О, туған жер кең пейіл, құшағың кең,                                                                             

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.                                                                

Сағынышымды қанат қып саған қарай                                                                     

Балапандай талпынып ұшамын мен.                  

Алақаны анамның – топырағың                                                                                    

 Сендік махаббатымның оты жалын.                                                                                  

 Сені қалай сүюдің керектігін                                                                                               

 Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,                                                                            

 Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.                                                                              

Менің мынау өмірге құштарлығым,                                                                                      

 Сені жақсы көруден басталған-ау.

Кешірме сен                                                                                                                  

  Жат қылықпен жаныңды жараласам,                                                                          

  Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.                                                                                

  Мен ел кезіп кетермін отансыздай,                                                                                  

  Үмітіңді ақтауға жарамасам.

Би. «Туған жер»

Хор. «Мәңгілік ел»

Семанура:

Тәуелсіздіктің түп тамыры желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігін білеміз.

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы.

Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің ең биік шыңына көтерілу.

 

Нұраңсар:

Біз армандарды ақиқатқа айналдырлық! Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі!

 

(Оқушылар бірге, хормен)

Жастары барда,

Биікке самға.

Жалындап жайна,

Еліміз алға!

Қатардан қалма

Үмітті жалға.

Жеңістер алда

Тек бірге алға!

 

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст