Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар арасында "Абай оқулары" өтті

13.12.2019

«Абай оқуы» мәнерлеп оқудан, ән айтудан байқау

Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

Байқау мақсаты:

Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.

Жүру барысы:

Қайырлы күн, құрметті байқауға қатысушылар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін осы бір кішкене залда қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де аруақты, әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі – Абай өлеңдерін сіздермен сыр шертпекпіз.

Қай елдің болса да тәңірдей табынып, құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой. Абайдың сөзі – халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай – алты алаштың иісі, қазақтың пайғамбары.

Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің, әділеттің, адамгершіліктің адам ұлы бола білудің, халық үшін күресудің үлгісі.

Қош келдіңіз, талапты дос, дарынды

«Абай оқуы» дос – патша көрер бәріңді.

Жермен келіп, қайтасыңдар көкпенен

Бұл оқу байытады жаңынды.

Құрметті қауым! Дәстүрлі мектепішілік Абай оқуларын бастауға рұқсат етіңіздер. Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Қазақ тілі және әдебиет пәні ұстаздары:

1. Айдосова Бибігүл Елеусизовна

2. Баймурзина Ақмарал Сериковна

3. Усенова Рыскул Рамазановна

Музыка пәні ұстаздары:

1. Ерназаров Махат Төреханович

2. Еламанова Сабира Балтабаевна

Слайдпен (Абай туралы баяндау)

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінен зерек болған. Оның зеректігін әрі қарай дамытқан екі адамды – әжесі Зерені, анасы – Ұлжанды атауға болады. Абай жас кезінен тағылымды әңгімелеуді, өлең-жырларды тыңдап, олардағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсті.

Абай – артына мол мұра қалдырған адам. Оның шығармалары күні бүгінге дейін терең мағынасымен, асыл да құнарлы жұртқа жол көрсетіп тұр. Екінші бір Абайдың сөз өнерін сүюіне зор ықпал еткен нәрсе – сол заманның шешендерінің тамаша сөздері. Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-ұлық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады. Ол сонымен бірге шетел классиктерінің, орыс ақындарының еңбектерін қазақшаға аударып, қазақ оқырманының жүрегіне терең бойлата білді. Абайдың көркем шығармаларынан өмірдің қиын мәселелеріне жауап табуға болады.

Байқаудың шарттары:

  1. «Өлең – сөздің патшасы» номинациясы бойынша көркем сөз оқу шеберлігін айқындау
  2. «Ән – көңілдің ажары» - Әншілік қабілетін таныту

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - дей келе,  «Өлең – сөздің патшасы» номинациясы бойынша көркем сөз оқу шеберлігін айқындау үшін оқушыларды ортаға шақырамыз.

1 «ж» сынып оқушысы – Муханов Алдияр, сынып жетекшісі – Толеубай Гүлшат Мейрамханқызы

1 «з» сынып оқушысы – Алтай Қуаныш, сынып ж – Нугуманова Гульбатира Жаксылыковна

2 «а» сынып оқушысы - Бейсенбай Зухра, сынып ж – Асылбекова Зауреш Боранбаевна

2 «ж» сынып оқушысы  – Қанатұлы Мансұр, сынып ж – Тасыбай Ақбота Каиргельдиновна

3 «ә» сынып оқушысы – Орынбасар Ұлан, сынып ж – Касенова Гульмира Алтынбековна

3 «д» сынып оқушысы – Бекенова Аружан, сынып ж – Аралова Мөлдір Тургумбековна

3 «ж» сынып оқушысы – Тұяқ Зере, сынып ж – Касенбаева Гүлбаршын Ашуовна

4 «а» сынып оқушысы – Cағатбекова Айғаным, сынып ж – Куандыкова Батима Жомартовна

4 «а» сынып оқушысы – Бекен Арнұр, сынып ж – Куандыкова Батима Жомартовна

4 «ә» сынып оқушысы – Болат Назерке, сынып ж – Тастимирова Гульсара Амангельдиновна

4 «д» сынып оқушысы – Мұрат Ибрагим, сынып ж – Еламанова Сабира Балтабаевна

4 «ж» сынып оқушысы – Жылқыбай Ілияс, сынып ж – Какимжанова Нурбану Асқарқызы

Оқушылар кезекпен шығып отырады.

Барлық қатысушыларға қол шапалақтап қояйық. Осымен, бірінші кезеңіміз аяқталды.

Көңілдері марқайып бір қалсыншы,

Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы, - деп «Ән – көңілдің ажары» номинациясын бастаймыз.

0 «д» сынып оқушысы – Жанузаков Арсен «Желсіз түнде жарық-ай» сынып ж – Базарбай Жидек Жасұланқызы

1 «г» сынып оқушысы – Темирбулатов Төрекелді, сынып ж – Магзумбаева Самал Нуртаевна

1 «д» сынып оқушысы – Хамидулла Іңжу «Көзімнің қарасы», сынып ж – Калабаева Ұлболсын Ахановна

1 «ж» сынып оқушысы – Темирбек Жұлдыз «Желсіз түнде жарық-ай», сынып ж - Толеубай Гүлшат Мейрамханқызы

2 «г» сынып оқушысы – Кенжалы Айару «Сегізаяқ», сынып ж – Насырова Мунира Жумажановна

2 «з» сынып оқушысы- Жалғас Айару, сынып ж –Жанбагысова Нурия Қонысбаевна

3 «а» сынып оқушысы – Избасар Жомарт «Көзімнің қарасы», сынып ж – Увалиева Альмира Кумаркановна

3 «Ә» сынып оқушысы – Серік Әбілмансұр «Желсіз түнде жарық-ай», сынып ж – Касенова Гульмира Алтынбековна

3 «г» сынып оқушысы – Толкынбек Альнара «Өзгеге көңілім тоярсың», сынып ж – Абенова Айымгуль Кабдуалиевна

4 «а» сыныбынын «Қыздар» тобы «Көзімнің қарасы», сынып ж – Куандыкова Батима Жомартовна

4 «г» сынып оқушысы – Алпысбай Аружан, сынып ж – Аубакирова Света Бакытжановна

4 «ж» сынып оқушысы – Идрис Алина «Желсіз түнде жарық-ай», сынып ж- Какимжанова Нурбану Асқарқызы

Екінші кезеңіміз де өз мәресіне жетті. Әділқазыларға байқаудың нәтижесін шығаруға уақыт берейік.

Көрермендердің арасынан ән айтатын оқушыларды шығару.

Кеш қорытындысында әділқазыларға сөз беріледі. Алға шыққан оқушылар марапатталады.

Қорытынды сөз

Абай барлық   қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұяттың, ұлттың намысы. Кешімізді қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтаймын: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -  дей келе, біз де Елбасымыздың айтқан сөздеріне қосыла отырып, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»... атты Ұлы Абайдың құрметіне арналған шарамызды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Барлық қатысушыларды марапаттауларымен құттықтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

Просмотров: 668


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст