Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым"

12.12.2019

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.

Тәрбие сағатының барысы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!

1-ші жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі кештің қонақтары! Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Осыдан 33 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ондаған жылдар бойы іште жинақталған наразылықтың бұрқ етуіне Мәскеудің республика халқының пікірімен еш санаспастан, ел мүлде білмейтін Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы етіп қоюы себеп болды. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

2-ші жүргізуші: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 33 жыл толды. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз - жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады.Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Ляззат Асанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Ендеше сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут еске алайық!

1 - оқушы: Аяжан
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.

2 – оқушы: Алуа
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады.
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.


 

3 - оқушы: Ислам
Ұлан-ғайыр далам менің кеңдігім,
Ұзақ күтті - ау елім менің теңдігін
Ата - бабам армандаған, аңсаған
Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.

4 - оқушы: Ғали
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.

5 - оқушы: Қуаныш
Тәуелсіздік көптен күткен бақытым
Әзер жеткен баға бермес жақұтым
Өркендей бер, пейілі кең қазағым
Қалықтасын көк аспанда бақ құсым.

 

6-оқушы: Алтынай

Қазақстан Республикасының Гимні-бірлікке, ынтымақтыққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырды.

7-оқушы: Нурай

Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астындағы қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

8-оқушы: Зере

Елбасымыздың көркемдік шешімі: Шаңырақ,жұлдыз,сондай-ақ аты аңызға айналған қос пырақ, Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

 

Хормен

Қазақстан! Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

 

9-оқушы: Балауса

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды

10-оқушы: Алуа
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бостандыққа көнбеген қазақтардың.

 

11-оқушы: Сания

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті.

12-оқушы: Бауыржан
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.


13-оқушы: Аяна
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым.

14-оқушы: Әбіш

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

15-оқушы: Ринат
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.


16-оқушы: Айбар

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.


17 – оқушы: Аида
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.

 

«Балбырауын күйі» орындайтын Сания
 

18-оқушы: Еділ
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!

19-оқушы: Инаят
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.


20-оқушы: Айдар
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.

«Мен қазақпын» өлеңі ұлдар тобы

21-оқушы: Аяулым
Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар,

Айналдым сенен Отаным!

 

22-оқушы: Дильназ

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің

Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам

1-ші жүргізуші: «Туған ел» әнімен Дана, Аяулым, Алтынай
Тойланып мың мереке ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Ішкі жау балағыңнан қаппасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әркез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп.

2-ші жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...
Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар - асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар еліміз – Қазақстан. Біз 28 жылда үнемі даму үстіндеміз.

1-ші жүргізуші:

Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Хор «Атамекен»

2-ші жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын! Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

 

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст