Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлылардың ұлысы-Абай" әдеби-музыкалық кеш

09.12.2019

Мақсаты:

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.

Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
 

Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Абай туралы қанатты сөздер:


Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
                                                                                           Ахмет Байтұрсынұлы

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
                                                                                           Мұхтар Әуезов

Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
                                                                                            Ғабит Мүсірепов

Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдеcсіз құбылыс.
                                                                                            Қайсын Кулиев

Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
                                                                                         Шыңғыс Айтматов

Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
                                                                                       Нұрсұлтан Назарбаев

1-жүргізуші::
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған "Ұлылардың ұлысы-Абай" атты әдеби-музыкалық кешке қош келдіңіздер!

 

2-ж:

Абай туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды  дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек..

1-ж:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
 

2- жүр.      «Желсіз түнде жарық ай» әні, орындайтын сыныбымыздың қыздары.
 

Ералы:
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!
 


1-оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.

 

2- оқушы: Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.


3- оқушы: Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

4 – оқушы: Абайдың шын аты – Ибрагим. Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай атанып кеткен.


5 - оқушы: Абай өлең шығаруды бала кезінде - ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

6 - оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»; 45 қара сөзі, өлеңдері бар.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
2-жүргізуші:
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен...
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін Абай өлеңдерін жақсы көріп, оқитын оқушыларға берейік:

1.Т.Мадина

2.Алтын

3.Дина

4.Дильназ

КӨРІНІС

2- жүргізуші :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
демекші, келесі кезең «Әннің де естісі бар, есері бар», – деп аталады.

 

1-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.

Ән «Көзімнің қарасы»  орындайтын Шынғыс Олжас
 

1-жүргізуші :

Біздің ортамызда Абай атамызға арнап, өлең шығарған оқушылар бар. Олай болса, өз шығармашылығымен көзге түскен Ерқанатқызы Алтынды ортаға шақырамыз.

 

АБАЙҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕНДЕР

 
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылманы.
 

 

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.

Осымен Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби-музыкалық кешіміз өз мәресіне жетті. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!

1-жүргізуші:  

Құрметті көрермен сіздерге Абайдың өмірі мен  шығармашылығына  байланысты сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берген кісілерді құр қол жібермейміз:

1. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

2.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

3.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

4. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

5. Абай кімге ғашық болды? (Тоғжанға)



 

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст