Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ақын А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «English is an international language» атты сыныптан тыс іс-шара

12.09.2022

4 сынып оқушылары арасында мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «English is an international language» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. 
Шараның мақсаты: оқушылардың ағылшын тілі пәні бойынша білімдерін жинақтап, тереңдету,шапшаңдыққа баулу, белсінділіктерін арттыру. 
Іс-шара сайыс түрінде өткізілді. Сайысқа жалпы қазақ және орыс сыныптарынан 12 оқушы қатысты. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасады. 
Сайыс үш кезеңнен құралды. “Riddles” атты бірінші кезеңде сайыскерлерге ағылшын тілінде жұмбақтар оқылды. Оқушылар жұмбақтың шешімін тауып, оны ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде айтып шықты. “Read and draw" атты екінші кезеңде әр топ ағылшын тілінде берілген мәтін бойынша сурет салудан сайысқа түсті. “Find the words” деп аталған соңғы үшінші кезеңде әр топ мүшесі берілген кроссвордтан ағылшын тіліндегі сөздерді белгілеп шықты. 
Ақыл ой мен жүйріктікке баулыған сайыс оқушылардың танымдық деңгейін көрсете білді. Сонымен бірге ағылшын тілі пәнінде алған білімдерін сарапқа салды. Бірін-бірі тыңдай біліп, нақты жауапты ойланып айта білетіндіктері байқалды.

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст