Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен ақпараттандыру туралы

18.09.2019

18 қыркүйек күні өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұғалімдер ұжымы мен техникалық қызметкерлерді ақпараттандыру мақсатында Мектепте өрт болып жатқан жағдайда не істеу керек ? Мектепте адамдардың көп болуына байланысты, үйдегі адамдарды құтқаруға қарағанда, оларды эвакуация жасауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондақтан мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.

Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіліенген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет сияқты ережелер айтылды. Мектебімізде 15:20 да дабыл қағылды. Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, мектептің сыртқы ауласы жанында 4 минут ішінде жиналды.

 

Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:

1.Дабыл қағу

2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру

3.Құтқару

4.Жинақталу

5.Түгендеу

Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.

Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.

Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.

Өрт кезіндегітәртіп ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің  есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.

Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.

 

Просмотров: 513


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст