Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздер күні»

02.06.2022

Таңғы жаттығуды бастамас бұрын балалар 3 қатарға тұрғызылды. Кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, дене шынықтыру мұғалімі балаларды қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Ережені сақтай отыра балалар таңғы жаттығуды орындады. Таңғы жаттығудан кейін балалар асханаға барды.

  1. Тәрбиелік іс- шара. «Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері»

Бұл тәрбиелік іс-шарада Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері жайлы мағлұмат берілді. Балалар өз білгендерін ортаға салып, ой бөлісті. Тақырыпқа сай мультфильм көрсетілді.

  1. «Менің Қазақстаным» сурет байқауы.

Сурет байқауын бастамас бұрын балаларды топ-топқа бөліп, байқау ережесімен таныстырды. Байқау ережесін тыңдап болғаннан кейін балалар тақырыпқа сай суреттерін салып, сайысқа түсті. Байқау соңында кімнің үздік сурет салғаны «шапалақтау»  әдісімен анықталды. Байқаудан кейін балаларды сергіту мақсатында би жарыс ұйымдастырылды.

  1. Таза ауадағы қимыл- қозғалыс ойындары

«Алтын балық» тобы байқаудан кейін таза ауада ойын ойнауға шықты. Балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Таза ауада «Ақсерек- көксерек», «қызыл ту» сынды ойындар ойналды.

Барлық жоспарланған жұмыстар жасалған соң балалар кері байланыс орнатты. Бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісті. Келесі күнге қандай қызықты істермен айналысқылары келетіні жайлы айтып, ұсыныс білдірді. 

 

 

 

 

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст