Мектебімізге қонаққа «Жұлдыз» балабақшасынан даярлық тобы келді. Биылғы оқу жылында біздің білім ордамызға 1-сыныпқа қабылданатын бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Алғаш табалдырығынан аттаған кезден–ақ мектеп өмірімен таныстыру басталды. Рәсім залына апарып,музыка пәні мұғалімі екі тілде өлең айтқызды. Балалар сахнаға шығып,кезек-кезек тақпақтарын айтты. Екінші қабатта орналасқан бастауыш сыныптар кабинеттеріне барып,оқулықтарымен танысты. Мұғалімнің сабақ үстіндегі кезеңі мен оқшылардың жұмыс жасап жатқан сәттері аса көп қызығушылықтарын тудырды. Кітапханаға да саяхатқа апардық. Кітапханашы апайлар белгілі ақын-жазушылар өмірімен таныстырып өтті. Ертегі кітаптар берілді. Мектеп асханасындағы аспазшы апайлар да асхананы көрсетіп,тамақтанатын стол – орындықтарын көрсетті. Келесі кезекте денешынықтыру залы көрсетілді. Спорт құрал-жабдықтары таныстырылды. Мектеп ауласында орналасқан футбол ойнау алаңы да таныстырылды. Балабақша балалары мен тәрбиеші апайлары, әдіскерлері де алғыстарын айтты. Мектеп өміріне қызығушылықтарын білдіріп,жақсы көңіл күймен бақшаларына оралды.