18 сәуір сағат 16.00-де Ақмол ауылының №5 орта мектебінің директорының ғылыми ісі жөніндегі меңгерушісі Әбдіғапарова Назима Закирьяновна, "Сабақты зерттеу тәжірибесінен: Сабақты зерттеу кезіндегі бақылау құралдары"тақырыбында вебинар өткізді. Біздің мектептің информатигі Кайсанова Жанар Ерболатқызы ПШО сілтемесі бойынша тікелей байланыс орнатылды. Вебинар дәл және байланысы жақсы өтті.
Назима Закирьяновна 8 "б" сыныпта сабақ зерттеу кезінде бақылау құралдарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Зерттеу үшін қандай себептермен таңдалғанын, сонымен қатар осы сыныпта қандай құралдар пайдаланылғанын айтты. Сынып мәселесін анықтау, зерттеу, сапалық және сандық әдістер, бақылау, сауалнама жүргізу және әңгімелесу әдістері қолданылды.
Зерттеу тақырыбы: 8 – сынып оқушыларының қоғамдағы мәдени мінез-құлқын тәрбиелеу және шыдамдылық дағдыларын қалыптастыру, жадты жаттықтыру, оқушыларға тәрбиелі және табысты болуға көмектесетін оқуға жауапкершілікпен қарау.
Сауалнама парақтары қолданылды және үш оқушыға бақылау парақтары толтырылды. Оқушылармен сұхбат және пән мұғалімдерімен сабақты топтық талқылау жүргізілді.
Lesson Study аяқталуының қорытындысы бойынша сапалы талдау жасалды: оқушылар белсенді болды, оқуға деген қызығушылық, үй тапсырмасын дайындауға деген жауапты қарым-қатынас пайда болды, тәрбиелілік деңгейі көтерілді. Үш оқушыға бақылау нәтижесі барлық сыныптың үлгеріміне де әсер етті, нәтижесінде бірінші және екінші тоқсанмен салыстырғанда, үшінші тоқсанда білім сапасының пайызы 33% - ға дейін өсті.