Тақырыбы: Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп
Мақсаты:
Білімділік: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру;
Дамытушылық: Бастауыш сынып балаларының оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзін - өзі басқару мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сәуір айында бастауыш әдістеме бірлестік ұстаздары ашық сабақтар кестесін ұйымдастырды. Әдістеме бірлестігімізде 24 ұстаз болса, барлығы дерлік ашық сабақтар өткізді. Сабақтар өткізу барысында ата-аналар да қатыстырылды. Әсіресе, даярлық сыныптар мен 1-сынып ашық сабақтарындағы «Тосын сый» жасау кезінде ата-ана ертегі оқып, ұстазға көп көмек берді. Параллель сыныптар арасында негізгі пәндерді бөліп алып,жаңартылған бағдарлама бойынша өткізді. Жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс-тәсілдерді қолданып, жан-жақты зерттеулер жүргізілді. Сабақ жүргізу кезінде пәнаралық байланыс, оқушылардың өз ойын еркін айтуы, зертханалық жұмыстар кеңінен қолданылды.
«Ашық микрофон» әдісі, «Венн диаграммасы», «Рандом әдісі», «5 жолды өлең», «Сиқырлы қобдиша», «Семантикалық карта», «Бас бармақ әдісі» және басқа да көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды.
«Білім басы бастауышта қаланар,білімменен әлемге жол салынар» демекші бастауыш буын оқушыларының алғашқы білім баспалдағына шығуына көмектесетін ұстаздардың еңбегі шексіз!