Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем аруы – 2019

18.03.2019

    Мектебімізде  «22-наурыз мерекесі» қарсаңында «Көктем аруы — 2019» қыз сыны байқауы өтті. Мақсаты: мектептегі ару қыздардың өнері мен білімін сарапқа салып, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру. Байқауға мектебіміздің 5-6, 7-8 сынып қыздары арасында қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» өз өнері сайысында көрермендерге ән айтып, би билесе, «Білімді мыңды жығар» атты сұрақ-жауапкезеңінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қатысты танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге сән үлгісі шарттары бойынша сынға түсіп, бар өнерлерін ортаға салған мектеп қыздары жарады, өздерінің барлық жақсы жақтары мен өнерлерін көрсетіп «ару» деген атқа лайық екендерін тағы бір дәлелдеді. Нәтижесінде 5- 6 сынып қыздар арасындағы байқауда әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Көктем аруы – 2019» атағын 5 «г» сынып оқушысы Өмірхан Дина жеңіп алса, бірінші орын 6 «а» сынып оқушысы Ертуған Дамира, екінші орын  6 «ә» Сапарбекова Ажар және 5 «д» сынып оқушысы және Рақымова Айтолқын , үшінші орын 5 «а» сынып оқушысы Кержекеева Жәния және 6 «г» сынып оқушысы Кусайнова Мөлдір  бұйырды.

   7- 8, сынып қыздар арасындағы байқауда бас жүлде «Көктем аруы – 2019» атағын 8 «г» сынып оқушысы Мұзарапша Жаннұр жеңіп алса, бірінші орынды 8 «ә» сынып оқушысы Шимирова Дилназ, екінші орынды 7 «г» сынып оқушысы Қали Ұлту және 7 «ә» сынып оқушысы Картаева Жансая, үшінші орынды  8 «а» сынып оқушысы Аханова Аяжан және 7 «а» сынып оқушысы  Абаканова Диана иеленді

Просмотров: 645


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст