Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АДАЛДЫҚ" дүкені ашылды

16.03.2019

     Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет. Ұлы Абай атамыз : «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді.  Ендеше мектебімізде 4 наурыз күні «Адалдық дүкені» ашылды. Аталмыш дүкеннің жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Мұнда оқытушылар мен оқушылар  өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Дүкенде сатушы жоқ. Мұндай дүкендерді ашу  жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді.  «Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға  өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру.

 

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст