Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің,ару көктем!" атты шыгармашылық концерт

06.03.2019

 Көктем мерекесі қарсаңында №5 Ақмол орта мектебінің ұстаздары мен  оқушыларының  ұйымдастырылуымен  «Қош  келдің, ару көктем!» атты  шығармашылық  концерт  өтті.

   Қазақстан тарихындағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы көздеген маңызды жобаның бірі - рухани  жаңғыру. Рухани жаңғыру  - мәдениет, салт-дәстүр мен тарихты   жаңғыртуға  бағытталған. Болашаққа  бағдар, рухани  жаңғыру бағдарламасының  барысында  ауқымды  игі  істер  жүргізілуде .

Көктем  келді  ауылға, мамырлап  бұлт,

Таң-тамаша  дүние  ,дабырлап  жұрт .

Көктем  келді.  Өмірдің   келешегі –

Көкпен  бірге   дүркіреп  төл өседі.

    Ұстаздардың ортасында әнші, биші және керемет өлең шығаратын жеке номерлер де дайындалды. Қазақ  тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Манара Амановна ана, көктемттуралы өз  жүрегінен шыққан тамаша өлең шумақтарын оқыды. Көрермендер  назарына  М.Әуезовтың 18 -  ғасырда  өмір сүрген қос ғашықтар - «Еңлік-Кебек» пьесасы ұсынылды. Пьеса өте сәтті шықты.  Махат Төрежанович  бастаған  «Іздедедім  сені» әні  Акапелло орындалды. Мектебіміздің  музыка  пәні  мұғалімі  Айнұр  Амантаевна  да  өнердің  әр  қырынан  көріне  білді. «Күй  тартыс» ,» домбырадан  күйлер  орындалса, Балдаурен» тобы  оқушылырының  сыңғырлаған  әдемі   дауыстары  зор  қошеметке  ие  болды  «Бастау » тобы  деген  атпен   Бастауыш  ұстаздарынан  құралған  ансамбль де  құлақ  құрышын  қандырды. Шығармашылық   концертіміздің   шарықтау   шегі-Ұстаздар хоры  болды.  Хорда  елуден  астам  ұстаз  үш  дауыста   халық  әні  «Гүлдерайым», екі  тілде   «Қазақстан-Отаным » және   «Атамекен»  патриоттық әні  орындалды .

      Осындай  шығармашылық  концертіміз  тамаша  бастау  алды  деп  ойлаймын. Осы  жақсы  көңіл  күйде бағдарламамызды  одан  әрі  толықтырып, ұстаздардың  тек  қана  сабақ  беріп  қана  қоймай, жан-жақты  жоғары  мәдениетті  екенін  ата-аналарға  да  көрсеткіміз  келді. Бұл  ойымыз  жүзеге  асты  да. Көрермен  болған  ата-аналар  гүл  шоқтарын  сыйлап, зор  ықылас, рахметін  білдірді.Ұстаздарымыз да бір-бірін құттықтап ризашылықтарын  білдіріп  жатты.

 

 

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст