Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?»

14.03.2022

 

Тақырыбы: «Мен өмірде қандай жетістікке жете аламын?».

Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарлату. Өмірде өз орындарын дұрыс табуға көмектесу.

Тренинг барысында  « Мен кіммін, қандаймын » әдісі арқылы әр қатысушы өздерінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазды.​ «Менің жан жақты ерекшеліктерім» жаттығуында оқушылар өз мінезін айтып, сынып оқушылары талдады. Бойындағы ерекше қасиеттерін айтты. Тренингте белсенділік көрсеткен Томирис, Ризат, Арнұр болды.«Сымсыз телефон» барлық балалар шеңбер бойында тұрып. Бірінші тұрған оқушыға құлағына сыбырлап әр түрлі сөздер айтты.. Ол оқушы әрі қарай келесі оқушыға естігенін  айтады, ең соңғы қалған  оқушы естігенін дауыстап айтты. Ойын бірнеше рет жалғасты. Оқушылардың көңілдері көтеріліп қалды.

Қорытынды: Тренинг уақыты 40 минут болды. Барлық оқушылар белсенді қатысты. Оқушылар тренинг соңында өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың ұсыныстары алдағы уақытта: махаббат, достық, әдепті сөйлеу, қызықты ойындар тақырыптарында тренинг өтсе екен деген өтініш болды.

 

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст