Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды»

14.02.2019

     Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды. Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы кезіндегі  тарихтың ең қайғылы бет­те­рі­нің бірі. Он жылға жуық бөтен ел­дің мүддесін қорғаған Ауғанстандағы шек­теулі контингент әскерлері құра­мында Қазақстаннан 22 269 жауын­гер интерна­цио­нал­дық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.

     Жыл сайын мектебімізде  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіліп тұрады. Биыл мектеп қабырғасында «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
      Аталмыш шараға өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман- сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағамыз Дүйсекеев Жанат Төлеуұлымен  кездесіп, сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдадық.

     Сонымен қатар бұл маңызды кездесуге ауған соғысының ардагері Жақып Руслан Зейнеқабиденұлының әкесі ауданның құрмет азаматы Жақып Зейнеқабиден Қадырұлы, 44813 ә/б командиры подполковник Молдакулов Берік Бердінқұлұлы,  Жастар ресурстық орталығының маманы Тунгышбаева Э.С,  "Жас- шабыт" балалар  шығармашылық орталығының директоры Абилжанова Эльмира Қабдуллаевна қатысты. Патриоттық тәрбие іс- шарасында мектептің «Сахна сазы» үйірмесінің оқушылары, «Балдаурен» тобы, «Қолөнер» үйірмесі, «Қаһарман» клубының оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлер  оқушыларға өз алғыстарын  білдіріп,  өздерінің жүрек жарды лебіздерін  айтып, батырлық пен батылдық, ерлік пен ерен еңбек тек халық пен Отан үшін жасалатын игі іс екеніне кеңінен тоқталып өтті.

Өскелең ұрпаққа  үлгі-өнеге болып жүрген Ж.Т  Дүйсекеев, З.Қ Аппасов, Б.С Жакупов, Б.С Джармуханов, Ф.Г Смаилов сынды Ақмол ауылының интернационалист-жауынгерлерін өскелең ұрпақ мақтан тұтады.

 Ауған соғысы ардагерлерінің ел үшін, жері үшін істеген ерліктері  ұмытылмақ емес, оған бүгінгі өткізілген іс-шара дәлел болғандай.

Просмотров: 614


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст