Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

28.01.2019

Халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі – қайырымдылық. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
         Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсау­лықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жас­тықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл»  деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жан­дарды көргенде,  жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтыр­майтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді. Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жол­ға ­салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады) не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамай­сыңдар (яғни сауаптарыңды толық аласыңдар)» дейді.        

Әр бір адам  өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.  Біреуге жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі.   Дәстүр бойынша «№5 Ақмол орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан – мейірімділік мекені» тақырыбында  қаңтар айында қамқорлық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.  Мақсаты: оқушыларды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу. Акция барысында  «42 қайырымды іс»  жасалынды. Қайырымдылыққа барлық сынып қатысты. Нәтижесінде  85 оқушыға 415 000 тг көлемінде азық- түлік таратылды.

            «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге, ата-аналарға, сынып жетекшілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз!  Жақсылық­тың қайтарымы көп болады. Алла Тағала осындай сауап­қа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! 

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст