Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өзіміздің ойын - 2019"

28.01.2019

    2019 жылдың  22 қаңтар күні мектеп мәжіліс залында тарих пәні мұғалімдері Н. С. Боранбаев,  А. А. Ибраева екеуі  Қазақстан тарихы бойынша "Өзіміздің ойын" интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты - жоғары сынып оқушылары арасында патриоттық сана мен әлеуметтік маңызды құндылықтарды қалыптастыру, Қазақстанның мәдени және тарихи өткенін, еліміздің салт-дәстүрлерін насихаттау.; 

    Интеллектуалды-танымдық ойын 3 кезеңнен тұрды. Әр турда қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауап үшін ұпай алады. 2,3 турдан кейін ең аз ұпай жинаған бір қатысушы ойыннан шығып отырды. "Өзіміздің ойын"  жеңімпазы ең көп ұпай жинаған қатысушы болды.

Ойын барысында жоғары сынып оқушылары тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді: 

бірінші турда: Ежелгі Қазақстан.,Жеке тұлға, Астана, Н.А.Назарбаев

II турда: соғыс, заңдар, Алаш партиясы, II дүниежүзілік соғыс

III турда: оқиғалар, көтерілістер, жаңа тарих, орта ғасыр.

  Ойын нәтижесі бойынша 11 сынып оқушысы Мендыбаев Бекзат жеңімпаз атанды, екінші орынды 10 сынып оқушысы Жанпеисова Дильназ және Мукашева Карина бөлісті.

    Іс-шараға "Феникс" филиалының НұрОтан партиясының бірінші орынбасары Н. Горицына қатысты.Целиноград ауданының Дін бөлімінің маманы Аппасова М. Г, директордың ғылым ісі жөніндегі орынбасары Абдигапарова Н. География пәні мұғалімі Матвиевская Г. В.

Ойынның арқасында жоғары сынып оқушылары маңызды тарихи оқиғаларды, фактілерді, әлемдік тарих қайраткерлерін еске алды. Олар өз халқының және басқа да елдердің тарихын, тарихын зерттеуге қызығушылық танытты. Бұл ойын тарихи өткенді құрметтеу, әлемдік мәдениетке қатыстылық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік берді.

 

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст