Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы»

16.01.2022

«Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы № 3 қаулысына сәйкес:
- меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысына рұқсат етілді;
- Целиноград ауданы ауылдарында 600 оқушыға дейінгі мектептері штаттық оқыту форматында жұмыс істейді;
- 600-ден астам оқушысы бар аудандағы Ақмол ауылы, Қосшы қаласының мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейінгі жұмыс оқытудың штаттық форматында, 6-дан 11-сыныпқа дейінгі қашықтық форматта жалғасады, бұл ретте әкімшіліктің шешімі бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған оқушыларды штаттық режимде оқытуға жол беріледі.
Қашықтан оқитын барлық тілек білдірушілер білім беру ұйымының компьютерлік техникасымен және роутерлерімен қамтамасыз етіледі;
1) колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту:
- аралас оқыту форматы: онлайн форматта дәрістер өткізу;
- икемді кесте бойынша: штаттық режимдегі практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар;
2) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту:
- штаттық режимдегі жеке сабақтар;
- топтық сабақтар-10 адамға дейін;
- түзету орталықтарында/мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған кабинеттерде-эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар;
Вакцинацияның толық курсын аяқтаған студенттерді штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі (әкімшіліктің қалауы бойынша).

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст