30 желтоқсан айында мектепте педагогикалық кеңес өтті, онда 2021-2022 оқу жылының 2 тоқсанындағы педагогикалық ұжымның жұмысы қорытындыланды. Оқу жұмысының қорытындысы туралы директордың орынбасары Оспанова Венера Қанатқызы айтып берді. Ол мұғалімдерді үлгерім динамикасымен таныстырды. Бірінші тоқсан мен екінші тоқсан үлгерімін салыстырды. Мұғалімдер сыныптардағы және мектептегі үлгерім деңгейін талдады, кейбір сыныптардағы үлгерімнің төмендеу себептерін анықтады, оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдады.
Директордың ғылым жөніндегі орынбасары Н.З.Әбдіғапарова мен Р. Б. Татаева 2021-2022 оқу жылындағы топтар фокусының жұмысы туралы айтып, і тоқсанға арналған міндеттерді белгіледі. Екінші тоқсан бойы жасалған жұмыстарын презентация арқылы көрсетіп талдады.
Жас мамандар арасында өткізілген тикток сабактарының қорытындысы шығарылып, жас мамандар марапатқа ие болды. Жетекшісі Сарсенбаева Б.Е
Мектеп директоры А. А. Яхина мектеп аттестациядан өтуіне байланысты жұмыс жүргізуды айтты. Бастауыш сыныптардың ББМЖ тапсыруға дайындық жүргізу керек екенін жеткізді. Желтоқсан айында зейнет жасқа толған екі мұғалімді құттықтап, алғыс хаттармен мектеп ұжымы атынан сыйлықтар табысталды.
Педкеңестің соңында мұғалімдерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен мектеп кәсіподағы құттықтап, сыйлықтар табысталды. Педкеңес шығармашылық және мерекелік жағдайда өтті.