Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Жас ұлан»

28.12.2021

2021 жылдың  желтоқсан айында Еліміздің салтанатты да мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күні аясында, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен құрылған, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
Мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне жауап беретін азамат екенін таныту, қоғамдық, көпшілік жұмыстарға тарту арқылы бала ойындағы мүмкіндіктерді ашу ,отанын қорғауға дайындық, саналы білім алуын қалыптастыру, ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш азаматтың тұлғасын қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан шараға, мектебіміздің белсенді оқушылары, оқу озаттары, пәндік олимпиада, ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары қабылданды. «Жас Қыран» жасөспірімдер ұйымына 68 оқушы қабылданса, «Жас Ұлан» балалар ұйымына 54   оқушы қабылданды.  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтті

Просмотров: 248


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст