Текст
Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде Әліппе табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады», - деді министр Үкімет отырысында.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алады.
@edu_news_qz