Текст
Мектеп жанындағы "Ақ желкен" лагерінің 2ші ауысым ашылуы «Қарақшылар қазынасы» атты ертеңгілігімен өткізілді. Лагер психологы балалармен танысу және психолгиялық тұрғыда қарым-қатынас қалыптастырды. Балалар қарақшылардың картасымен жүріп, тапсырмалар орындау арқылы жетондарға ие болды. Қарақшы-балалар әр түрлі тапсырмалар орындады, оның ішінде: пазл жинау, сөз-жұмбақ шешу, әріптерден сөздерді құрастыру, би билеу, сурет салу және ертегілердің кейіпкерлерін табу.
Балалар барлық тапсырмаларды орындап, жасырылған қазынаның тәттілеріне қол жеткізді. Бірінші күннің әсерін балалардан сұрақ-жауап арқылы, балаларға қызықты, көңілді болғанын білдік. Балаларға «Қарақшы мен капитан» туралы мультфильм көрсетілді.