Текст
10.03.2026
2026 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктірген V Республикалық әйел-педагогтар форумы өтті.
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Горицына Наталья Александровна Қазақстан Республикасының білім беру саласына қосқан ерекше үлесі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
«Педагог-лидер» атағының иегері, зерттеу жобаларының ғылыми жетекшісі, олимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздарын тәрбиелеп жүрген ұстаз — Наталья Александровна бұл жоғары марапатқа әбден лайық.
Мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар оның жетістігімен шын жүректен мақтанады!