Текст
Мектеп жанындағы «Ақжелкен» жазғы лагерінің сегізінші күні «Таланттар әлемі» деп аталды. Бүгінгі күніміз әдеттегідей таңғы жаттығуды «Алтын балық» тәрбиеленушісі Серікпай Айзеренің ұйымдастырумен басталды. Балаларды әскери-патриоттық, отан сүюге баулу мақсатында Нұр - Сұлтан қаласының әуе қорғанысын қамтамасыз ететін 44813 әскери бөліміне саяхаттады. Ермексазбен жұмыс істеу балалардың қиялын, елестетуін және ұсақ моторикасын дамыта отырып ермексазбен түрлі мүсіндер жасады. қимыл-қозғалыс ойындары арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, төзімділікке , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп психологы Р.Е. Хожатова қозғалмалы ойындар өткізді.