03.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Қажет маман:
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарына қойылатын Бірыңғай біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі;
- Жоғары педагогикалық білімі болуы;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке куәлік;
- Жеке іс парағы (жеке кадр есебі парағы);
- Дипломның және қосымшасының көшірмесі (егер түпнұсқа болмаған жағдайда нотариуспен расталған көшірме болуы қажет);
- Еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар болса);
- № ҚР ДСМ-175/2020 нысаны бойынша медициналық анықтама;
- Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- Наркологиялық диспансерден анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санаты берілгені туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Жұмыс немесе оқу орнынан ұсыныс хат;
- Үміткердің кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауымен).
📥 Құжаттарды қабылдау тәртібі:
Құжаттар онлайн түрде келесі портал арқылы қабылданады:
👉 https://hr.nobd.edu.kz/#/social/vacancies
(Порталда тіркеліп, «Вакансиялар» бөлімінде конкурсқа қатысуға өтінім беру қажет.)
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 04 ақпаннан бастап 13 ақпанға дейін.
🕘 Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
📢 Конкурс нәтижелері туралы ақпарат мектептің ресми сайтында жарияланады:
🌐 akmol-shkola.edu.kz
— 2026 жылғы 23 ақпан
Байланыс ақпараты:
📞 Телефон: 8 (71651) 30-314; 8 (771) 582 71 31
📧 E-mail: kguooshakmol@bk.ru