Мектеп жанындағы жазғы «Ақжелкен» лагерінің алтыншы күні «Салауатты өмір салты үшін» деп аталады. Көңілді музыкамен таңғы сергіту жаттығуы басталды. Дене шынықтыру мұғалімі таза ауада қозғалмалы ойындар өткізді. Ағылшын тілі мұғалімі бейнероликтер арқылы мамандықтар туралы мәлімет берді. Мамандық түрлеріне байланысты қызықты әңгімелер жүргізді. Балалар ағылшын тілінде дидактикалық карточкалармен жұмыс жасауда өз білімдерін бекітті. Тәрбиеші мен медбике өз мамандықтарын балаларға мысал ретінде талқыға салды. Балалар өздері білетін және армандайтын мамандықтарды қызығушылықпен айтып берді. Ары қарай мектеп психологы қарым- қатынасқа байланысты тренинг өткізді. Тәрбиешілер мен балалар бірлесе "Өз денсаулығым өз қолымда" постерін дайындады. Күн соңы таза ауада серуендеумен аяқталды.