Текст
11.12.2025
Жаратылыстану пәндері онкүндігінің аясында биология пәні мұғалімі «Белсенді ми — белсенді сабақ» тақырыбында мастер-класс өткізді. Іс-шарада мектеп мұғалімдері нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау және зейінін дамыту жолдарын меңгерді. Қатысушылар практикалық жаттығуларды орындап, сабақтарда қолдануға арналған тиімді әдістер мен техникаларды үйренді.