20.11.2025
📢 Жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру
«Ақмол орта мектебі» КММ (Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі) педагогикалық және өзге де қызметкерлердің бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Қажет маман:
1. Аға тәлімгер
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарына қойылатын Бірыңғай біліктілік сипаттамаларына сәйкестігі;
- Жоғары педагогикалық және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі болуы;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке куәлік;
- Жеке іс парағы (жеке кадр есебі парағы);
- Дипломның және қосымшасының көшірмесі (егер түпнұсқа болмаған жағдайда нотариуспен расталған көшірме болуы қажет);
- Еңбек кітапшасының немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжаттың көшірмесі (еңбек өтілі бар болса);
- № ҚР ДСМ-175/2020 нысаны бойынша медициналық анықтама;
- Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- Наркологиялық диспансерден анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санаты берілгені туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Жұмыс немесе оқу орнынан ұсыныс хат;
- Үміткердің кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауымен).
📥 Құжаттарды қабылдау тәртібі:
Құжаттар онлайн түрде келесі портал арқылы қабылданады:
👉 https://hr.nobd.edu.kz/#/social/vacancies
(Порталда тіркеліп, «Вакансиялар» бөлімінде конкурсқа қатысуға өтінім беру қажет.)
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 20 қарашадан бастап 28 қарашаға дейін.
🕘 Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
📍 Конкурс комиссиясының отырысы 2025 жылғы 01 желтоқсан күні сағат 14:00-де өтеді.
📢 Конкурс нәтижелері туралы ақпарат мектептің ресми сайтында жарияланады:
🌐 akmol-shkola.edu.kz
— 2025 жылғы 02 желтоқсан.
Байланыс ақпараты:
📞 Телефон: 8 (71651) 30-314
📧 E-mail: kguooshakmol@bk.ru