"Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ “Бір тұтас тәрбие” бағдарламасы аясында мектебіміз жаңа оқулықтармен толықтырылды. Оқулықтар 4,7,8,10,11 сынып оқушыларына берілді.
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа оқулықтар жеткізілді!
Жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық барысында Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі оқулықтармен қамтамасыз етілді. Бұл – жас ұрпаққа сапалы білім беру жолындағы маңызды қадам.
Оқулықтар төмендегі сыныптар үшін жаңартылды:
4-сынып – бейнелеу өнері, еңбекке баулу, орыс тілі, ағылшын тілі
7-сынып – Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті физика, химия, биология, алгебра, геометрия, ағылшын тілі, көркем еңбек (қыздар мен ұлдарға бөлек), қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті
8-сынып – Қазақстан тарихы, география
10–11-сыныптар – алғашқы әскери дайындық
11-сынып – құқық негіздері, алғашқы әскери дайындық. Жаңа оқулықтар қазіргі білім беру стандартына сәйкес жасалып, мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға, сыни ойлау мен шығармашылықты қалыптастыруға бағытталған. Мұғалімдер үшін бұл - білім сапасын арттырудың тиімді құралы, ал оқушылар үшін - жаңа идеялар мен білім көзі. Ата-аналар да балалардың білім алуына барлық жағдай жасалып жатқанына көз жеткізуде. Барша оқушыларға табысты, жетістіктерге толы оқу жылын тілейміз!