22.08.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогикалық және басқа да қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Қажет мамандар тізімі:
1. Ұлдар тобына көркем еңбек пәнінің мұғалімі (қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптарда)
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Бірыңғай біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі;
Профильдік білімі болуы;
Вакансияға сәйкес оқыту тілін меңгеруі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Толтырылған жеке іс парағы;
Білімі туралы құжаттың көшірмесі және қосымшасы;
Еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
ҚР ДСМ № 175/2020 нысанындағы медициналық анықтама;
Психоневрологиялық анықтама;
Наркологиялық анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатын беру туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
Жұмыс орнынан, оқу орнынан ұсыным хат.
Кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауы бойынша).
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмола ауылы, Гагарин көшесі, 1А.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 тамыздан 03 қыркүйекке дейін.
⏰ Қабылдау уақыты: 09:00–13:00.
Конкурс комиссиясының отырысы: 2025 жылғы 04 қыркүйек күні сағат 10:00 - де өтеді.
Конкурс нәтижелері бойынша ақпарат (akmol-shkola.edu.kz) мектеп сайтында 2025 жылғы 05 қыркүйекте жарияланады.
Байланыс ақпараты:
Тел.: 8 (71651) 30-314
E-mail: yakhina2015@mail.ru