19.08.2025
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогикалық және басқа да қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Қажет мамандар тізімі:
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытылатын сыныптарда).
- Денешынықтыру пәні мұғалімі (орыс тілінде оқытатын сыныптарда) (негізгі қызметкердің декреттік демалыс уақытына)
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының Бірыңғай біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі;
- Вакансияға сәйкес оқыту тілін меңгеруі;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Толтырылған жеке іс парағы;
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі және қосымшасы;
- Еңбек өтілі болған жағдайда еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
- ҚР ДСМ № 175/2020 нысанындағы медициналық анықтама;
- Психоневрологиялық анықтама;
- Наркологиялық анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатын беру туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттар (үміткердің қалауы бойынша).
Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмола ауылы, Гагарин көшесі, 1А.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 18 тамыздан 26 тамызға дейін.
⏰ Қабылдау уақыты: 09:00–13:00.
Конкурс комиссиясының отырысы: 2025 жылғы 27 тамыз күні сағат 10:00 - де өтеді.
Конкурс нәтижелері бойынша ақпарат (akmol-shkola.edu.kz) мектеп сайтында 2025 жылғы 27 тамызда жарияланады.
Байланыс ақпараты:
Тел.: 8 (71651) 30-314
E-mail: yakhina2015@mail.ru