Текст
18.04.2025
11 сәуірде Целиноград аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін құрметтеуге арналған салтанатты жиында еңбегі бірнеше рет өз ісіне адалдық пен жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткен мектеп мұғалімі Наталья Александровна Горицына «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сондай-ақ Наталья Александровна белсенді азаматтық ұстанымы, жауапкершілігі және Целиноград ауданының әлеуметтік-қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс белгісі ретінде аудан әкімі Д.Сабырғалидың Алғыс хатымен марапатталды.