Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімнің кәсіби өсуін дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді.

31.03.2021

Ағымдағы жылдың 30.03  күні Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде  «Мұғалімнің кәсіби өсуін дамыту»  тақырыбында коучинг өткізілді.
   Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Оқыту мен тәрбиелеу нəтижелерін жүзеге асыру мақсатында «Мұғалімнің кәсіби өсуін дамыту»  тақырбында өткізілген  коучингтің негізгі бағыты: Кәсіби біліктілікті, ұстаздық шеберлікті шығармашылықпен меңгеруі, ғылыми əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігін дамытуға деген ұмтылысының болуы , объективтілік, дербес əрекетшілдік жəне мақсаттылық, өзара сынды қабылдайалуы, өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі болып табылады.
       Іс- шара модераторлары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог – зерттеуші  Канапина Қымбат Серікқызы, педагог-  сарапшы Әлім Кенжегүл Ахметқызы,  мектеп тренері Тастемирова Гүлсара Амангельдиевна, директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Тенизбаева Жанна Канапьяновна.
       Коучинг барысында  қатысушылар топқа бөлініп, пікір алмасып, негізгі туындаған  сұрақтарға жауап беріп, қорғап, тәжірибе бөлісті.  Сөз кезегінде қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетіліп, өзекті мәселе жөнінде іс-  шара ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст