Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” ұстаздары жетекшілік ететін “Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде” “Білім мен ұлттық құндылық-болашақтың кепілі” тақырыбында оқыту семинарына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

10.02.2025

2025 жылдың 5 ақпаныңда “Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” ұстаздары жетекшілік ететін “Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде”  “Білім мен ұлттық құндылық-болашақтың кепілі” тақырыбында оқыту семинарына қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Атап айтқанда, 
1. Абдигаппарова Назима Закиряновна “Авторлық бағдарламаны жазу және қорғаудың ерекшеліктері” тақырыбынба баяндама жасап, аймақ мұғалімдерінің сұрақтарына жауап берді. Үлгілік авторлық бағдарламаларды көрсетіп, қорғау ережелеріне ерекше тоқталып өтті. 
2. Акпанова Сания Есеновна қазіргі таңда әртүрлі облыстарда ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ,сонымен қатар “Зерде”,”Дарын” жобалық конкурстарына ғылыми жоба дайындау жолдарымен бөлісті. Мектебіміздің осы бағытта жеткен жетістіктерімен бөлісіп, аймақтық мұғалімдерге алдағы уақытта болатын конкурстар туралы толық ақпарат берді. 
3. Сейдаханова Акерке Ержановна “Оқу әдістемелік құралдың жазу ерекшеліктері”тақырыбында баяндама жасап, авторлық бағдарламадан айырмашылығын, жазу,рәсімдеу жолдарын түсіндірді. Көп ұстаздарға қиындық тудыратын тұс: халықаралық стандартты кітап номерін (ISBN) алу жолдарын көрсетті. 
4. Абжанова Бағила Каптысалямовна мен Кокбаева Шарбат Бапановна әдістемелік күнде ашық сабақ көрсеткен “Шалқар ауылының ЖОББМ” ұстаздарының сабақтарына қатысып, кері байланыс беріп, өз ұсыныстарын айтты.

Просмотров: 62


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст