Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№4 педагогикалық кеңес

08.01.2025

30.12.2024 ж

Хаттама №4

  1.  Педагогикалық шеберханалардың жұмысы:

«Білім беру менеджерлері» ШТ жұмысының аралық талдауы

  1. «Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту үшін сабақтарда жетістікке жету жағдайын жасау»
  2. Бірінші жартыжылдықтағы үлгерім нәтижелері
  3. Әртүрлі

 

  1. Педагогикалық шеберханалардың жұмысы

 

  1. «Білім беру менеджерлері» ШТ жетекшісі Горицына Н.А. ‘’School teacher” кәсіби даму бағдарламасын жүзеге асырудағы жетекшілері жөнінде есеппен таныстырып, топ жетекшілері өз шығармашылық топтарының жұмысы бойынша қысқаша мәлімет берді, атап айтсақ; 1) “School Master” тобының жетекшісі Илларионова И.Н. авторлық бағдарлама жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.

А.А.Яхина және А.К.Темирболатова сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын білдірді.

  1. «School class» тобының жетекшісі Исаева С.А. сабақта қолданылатын белсенді әдістер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті, қандай нәтижелерге жеткендері туралы хабардар етті. А.А.Яхина ұстаздарға өз авторлық сабақ жоспарын қорғауды ұсынды. Исаева С.А.: нәтижесінде кітапша шығарамыз.
  2. Таттибаев А.Д. «IT teacher» тобының SWOT-анализімен таныстырды. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияны игеріп, қолдана алатынын айтты. Одан ары қарай жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы атап өтті.
  3. Матвиевская Г.В. “School Project” тобының жұмысы туралы, оқушылардың жобалық зерттеу жұмыстарына қызығушылығы артып, мұғалімдер олармен жұмыстарын жалғастыра түсетіні туралы айтты. Бұл топтағы ұстаздар көптеген жұмыстар атқарғанын атап өтті: журналға мақала жариялады, Қарағанды қаласында өткен зерттеу жұмыстары бойынша байқауға 7 оқушы қатысқаны жайлы, Алматы қаласында өткен офлайн байқауға 11 мұғалім оқушыларын қатыстырып, жүлделі орындарға ие болғаны жайлы айта кетті. Соңында осы мұғалімдерге сауалнама жүргізіп, ары қарай жұмыстарын жалғастыратыны туралы хабардар етті.

 

2) «Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту үшін сабақтарда жетістікке жету жағдайын жасау»

 

Мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту үшін сабақтарда жетістікке жету жағдайын жасау туралы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Каратаева А.Б. мен Ипова Ж.С. сөз сөйледі. Тілдік ортаны жасау және тілді практикада қолдану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті, тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ кезіңде оқушының белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қолданатын платформалар: bamboozle, canva, umaigra, flippity net, ChatGPT, genially және т.б. жайлы тоқталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1-жартыжылдық бойынша мониторингімен таныстырды. А.А.Яхина орыс сыныптарындағы орыс тілінде оқытылатын оқушыларды «Абай оқулары» және т.б. мәнерлеп оқу сайыстарына дарынды оқушыларды қатыстыру бойынша ұсыныс жасады.

 

  1. Бірінші жартыжылдықтағы үлгерім нәтижелері

Директордың ОІО Яхина А.А.

Жалпы екінші тоқсанды – 926 оқушы аяқтады.

Оқу озаттары - 141

Оқу екпіндісі – 308

Білім сапасы – 62,8% құрап тұр.

ІІ тоқсанда келген оқушы – 17 оқушы

Кеткен оқушы – 12 оқушы

 

  1. “Bilim class” платформасы бойынша Таттибаев А.Д. айтып өтті.

Педагогикалық кеңес шешім етті:

  1. Білім беру менеджерлерінің шығармашылық тобы 4 бағыт бойынша жұмыс тәжірибесін тарату және кәсіптік бағдар беру жобаларын кеңейту және оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдердің табыс рейтінгін қорытындылау үшін демеушілігін алған мектептермен жұмысты кеңейту жоспарын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырсын.
  2. Дарынды оқушылармен, әсіресе, жергілікті ұлт өкілдері емес оқушылармен әдеби оқу сайыстарына қатысу арқылы жұмысты жақсарту.
  3. Нәтижелерді бекіту және нәтижелерді жақсарту бойынша жұмыс жасау.
Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст