Мектебімізде ақпан айының 22-і мен наурыз айының 5-і аралығында “Welcome to the world of English” атты ағылшын тілі онкүндігі болып өтті.
Онкүндіктің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізілді. Әр күнге онлайн, офлайн фарматта ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар жоспарланды.
Әдістемелік бірлестігіміздің ардагер ұстаздарымен қатар жас мамандарымыз да тамаша сабақтар көрсетті. Ерекше сабақ көрсеткен мұғалімдері атап айтсақ, А.С. Джанзакова, С.В. Жунусова, В.К. Оспанова, Н.Т. Куандыков, А.Ж. Таксимова, Г.М. Туресаева, З.Г. Раушанбекова, А.М. Кабдул.
Сыныптан тыс ұйымдастырылған іс шараларға тоқталсақ, 7-8 сынып оқушыларының ағылшын тілін уйрену қызығушылықтарын арттыру мақсатында А.С Джанзакова мен С.В Жунусованың ұйымдастыруымен “Tell me about your hobby and I’ll tell you who are you” атты видеобейнелер сайысы өткізілді. Сайысқа жиырмадан астам оқушылар қатысты. Дайындаған жұмыстары жан-жақты тексеріліп, ең жүйріктері анықталып, марапатталды. Олар:
І орын: Чмутова Арина 7б, Сапарбекова Ажар 8ә;
ІІ орын: Төлеуова Айғаным 8ә, Кулешова Ксения 8б, Жанбирова Арина 8б;
ІІІ орын: Сембі Фариза 8а, Гайнутдинов Кирилл8б.
Сонымен бірге онлайн форматта Бекбулатова Мергул мен Жунусов Абылайханның ұйымдастыруымен оқушыларға ағылшын өлеңдері мен әндерін үйрету арқылы тілдерін ширату мақсатында “English poems and songs” сайысы және 5-6 сыныптар аралығында Таксимова Айнұр мен Куандыков Нұржанның ұйымдастырылуымен шығармашыл, ізденімпаз оқушыларды анықтау мақсатында эссе сайысы (Essay contest) өткізілді.
Онкүндік соңында ерекше белсенділік танытқан пән мұғалімдер мен мектеп оқушылары марапатталды.