Текст
15-ші ақпан - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Ауған жеріндегі қантөгіске 22 мың қазақстандық қатысып, солардың 761 жат жерде қаза тапты. Осы күнге орай мектебіміздің «Қаһарман» әскери патриоттық клуб мүшелері ауған соғысының ардагері ауыл тұрғыны Жанат Төлеуұлын бейне құттықтау жолдап, ыстық лебіздерін білдірді.