Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР МЕН ФОТОКОЛЛАЖ ЧЕЛЛЕНДЖІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

19.01.2021

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕУ, ІРГЕСІ БЕРІК ЖАРАСЫМДЫ ОТБАСЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА АҚМОЛ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БЕЙНЕРОЛИК ЧЕЛЛЕНДЖІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.  

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Просмотров: 214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст