«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы мәліметтер:
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:
Мемлекеттік қызмет көрсетуді салыстырмалы талдауы
Жылы |
Барлығы (көрсетілген қызметтердің саны) |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы |
Электрондық үкімет порталы |
Қағаз түрінде |
2020 |
367 |
4 |
300 |
1 |
2021 |
457 |
3 |
360 |
94 |
3) Көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
2. Қызметалушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметалушыларға барлық қажетті ақпарат Ақмол ауылындағы жалпы орта білім беретін мектептің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан. Сондай-ақ мектептегі ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта интернет-порталда заңға тәуелді актілер жобаларын қоғамдық талқылауы жүргізілуде.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ақпараттар орналастырады, ата-аналармен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар мерзімді түрде «Мемлекеттік қызметтер көрсету дағдыларын арттыру», «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» тақырыптары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметалушылардың шағымдары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметалушылардан шағымдар, қызмет сапасына шағымдар, сондай-ақ, ХҚО арқылы және электрондық нысанда қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы туралы мәліметтер келіп, түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген мониторинг және бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Қызметалушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.
Қызметалушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қанағаттануын арттыру мақсатында 2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Мектеп 2022 жылы қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстарын жеке тұлғалармен жалғастыруда.