Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нияз Тілеуліұлы

13.03.2018

Қанапин Серік Аллажарұлы,

тарих пәні мұғалімі

Нияз Тілеуліұлы (1741-1790)  (1733-1784) – Абылай ханның бас билерінің бірі. Ұзын қыпшақтын Алтыс тармағынан шыққан Нияз бидің тапқырлығы мен әділдігіне риза болып, Абылай хан оны өте жоғары бағалаған. Әкесі Тілеулі батыр 92 баулы қыпшақ жұртының құрама қолын басқарған. Аңырақай, Қалмаққырған, Қалқұм, тағы сондай атақты шайкастарда талай ерлік көрсеткен Тілеулі  Абылай ханның жеңімпаз батыры болыпты.

Осындай ұлы батырлардың, билердің ортасынан тәлім алған  Нияз ержете келе Есіл, Нұра жағаларын, Атбасар, Қараөткел  атырабын  мекен  еткен  елдерді  басқарып, оларға әділ билік жүргізген. Билер ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер дауларды шешуімен қатар, көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасауда хандарға кеңесші болған.  Абылай ханның  Ресеймен  қарым-қатынаста Нияз би тәрізді билерді жанына ертіп жүруі, олардың ақыл-кеңесіне арқа сүйеуі соны дәлелдегендей. Тарихи деректер бойынша, Абылай ханның жанында үнемі кеңесшісі болып сегіз биі бірге жүрген.  Солардың бірі – Нияз  би Тілеуліұлы. Ол  туралы академик Манаш Қозыбаевтің өзі жазып кетті.

Нияз бидің кемеңгерлігі мен көрегендігі үшін Абылай хан оны «хан» деп атаған. Он жасынан бастап, билік айтқан Нияз бидің өмірі Қараөткел, Көкшетау өңірінде өткен. Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынұлы – 1916-1917 жылдары бүкіл қазақ қатысқан ұлт-азаттық көтерілісінің Торғайдан шыққан көсемі. Ал Ақмола атауы, дәл осы жердегі Нияз бидің басына салынған ақ моладан шыққан. Ресей патшасының жарлығымен 1868 жылы бекітілген Ақмоланың төл таңбасында Нияз бидің ақ кесенесі ақ күмістен, оның үстіне орнатылған ай таза алтыннан жасалып бедерленген. Қанша жерден қара дауыл соқса да, тіккен жерінен қозғалмайтын киіз үй қасиетінің бойы – тұнып тұрған арифметика, яғни ғылыммен үндесіп жатқан құнарлы дүние. Сол дөңгелек  пішінді, он екі қанат киіз үйдің пішінімен салынған Нияз бидің ескі моласы көне тарих белгісіндей болғанын көнекөздер айтып кетіпті. Ескінің жоғалып, жаңаның жаңғыруы – табиғи заңдылық. Қара шекпенділер қаптап келе бастаған тұста Нияз бидің ақ моласы қиратылып, тіпті 1769 жыл деп көрсетілген құлпытастарың да кешегі тың игеру кезінде құлатып жоқ қылған. Қазір Нияз бидің ұрпақтары Торғай жерінде. Есіл-Нұра аталған өзен бойымен жүріп отырсақ, Тайтөбе деген елді мекенге жетеміз. Осы кезде талас тудырып жүрген Нияз бидің ақ моласы тура осы жерде болған. Қазір жоғалып кетсе де, сол кездегі құлпытастың бетінде 1769 жыл деген жазу болғанын  осы елді мекенге ХХ ғ.б. кезінде келіп қоныстанғандардың ұрпағы, 84 жасында 1998 жылы дүние салған Сасықов Тәукен ақсақал  осы құлпытастарды өз көзімен көргенін айтқан. Тарихи деректерге сүйенсек, ХІХ ғ.б. кездерінде Есіл өңірі аңғарына подполковник Шубин басқарған әскери экспедиция келеді. Өзеннің Қараөткел деп аталатын өткелі елдің көшуі, байланыс жасауы үшін қолайлы орын болған. Патша әкімшілігі құжаттарында 1830 жылдың 18 мауысымында әскери қамал-станица салынды деп көрсетілген. Міне, осы күн қазіргі Астананың ең алғашқы құрылысының салынуын дәлелдейтін құжаттар болып табылады. 1832 жылғы 22 тамызда Ақмола округі ресми түрде құрылып, үлкен той өткізіледі. 1845 жылы Ақмола бекінісі   станица деп аталады. Ресей ішкі істер министірлігінің 1862 жылғы мамырдың 7-сі күнгі шешімімен Ақмола бекінісіне қала дәрежесі беріледі де, Ақмола қаласы округ орталығы болады. 1868 жылы Ақмола облысы құрылады. Оның құрамына бес  Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар  уездері кіреді. Ақмола қаласының гербі Герольдия қоймасында сақталған, бірақ 1917 жылдан кейінгі тағдыры белгісіз және әзірге еш дерек жоқ.

Нияз бидің қазіргі ақ кесенесін Ақмолда Қамзаұлы бастаған Нияз бидің ұрпақтары  2009 жылы 22 тамызда салып, бабаларының аруағына арнап құран оқытып, ас берді. Бұл кесененің жобасын жасаған Қабден Әбдіғаппар. Нияз би туралы деректерді жинап зерттеген Мақсұтбек Сүлеймен. Кесене ішіндегі бірден көзге түсетін тағы бір дүние, қабыр басына орнатылған тақтайша. Ол жерде ақын Жүрсін Ерманның мынадай өлең жолдары жазылыпты:

       Ей ұрпақ! Бабалардын даңқын асыр

       Хан Нияз, ер еді ғой халқына асыл.

       Тайға таңба басқандай ізің жатыр,

       Қазақтың тарихында жарты ғасыр,

      Тегіннен тараған жоқ көпке атағың

      Перзенті Қызыр берген ақ батаның.

      Алтын құрсақ Жапалақ анамызбен

      Тұяғы Тілеулідей текті атаның.

Биік шыңның басына қалықтап ұшып қыран да қонады, тынбай жорғалап жылан да шығады демекші, сонау заманғы бабалар аманаты, ұрпақ сабақтастығымен жалғасса, тарихымыз да мәңгі жасай бермес пе?! Артында өшпес іс пен ұлағатты сөз қалдырған текті бабалар рухы әрқашан бізді қолдай берсін деп тілейік.

Просмотров: 703


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст