Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімі Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Акмол отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

Мектеп директорының блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сағынайдың Нұрмағанбеті

07.03.2018

Қанапин Серік Аллажарұлы,

тарих пәні мұғалімі

Сағынайдың Нұрмағанбеті

( Паң Нұрмағанбет)

Ақмола оязы жеріндегі бірсыпыра болыстармен салыстыра келгенде, Керей руынан шыққан Нұрмағанбетке біткендей жылқы саны ешкімде болмаған.   Ауызша әсірелеп айтқанда, оңдаған мыңды айтқанымен, нақты есепке берілгені 2203 бас жылқы, 141 түйе, барлық мал саны 5067 бас. Ол кезде Нұрмағанбеттен басқа ешкім де түйе малын ұстамаған екен. Кеңес үкіметі тарихшылары жазғандай, Паң Нұрмағанбет малына мас, сасық бай болмаған. Өте сауатты, білімді, ағайынға қайырымды, қадірлі адам болған. Өте тазалығына, киімді қонымды да, сәнді киінетіне қарап, халық оны «паң» атандырған. Паң Нұрмағанбет ой өрісі  таяз, күншіл,  кекшіл адамдармен сөйлеспеген де деседі. Мәшһүр Жүсіп   Паң  Нұрмағанбетпен хат жазысып, пікір алмасып отырған. Тіпті оның дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллинді әдейілеп іздеп барып, дидарласқаны «Тар жол тайғақ кешу» кітабінде баяндалады. Сағынайдың Нұрмағанбетінің ауылында қос-қостан ағаш үйлері де болған. Ағаштан мешіт салдырып, ауыл балаларына арналған медреседе мұсылманша сауат ашуына толық жағдай жасаған. Осындай адамдардың күншілері де аз болмайтыны белгілі. Қалай десек те, Сағынайдың Нұрмағанбетінің өз заманыңдағы көкірегі ояу, саналы азамат болғандығын айту, білу – парыз. Ақмола уезінен шығып, «Паң» атанған Сағынбайдың Нұрмағанбеті мен Атбасар уезінен шығып, «Жарты патша» атанған Жанайдардың Мейрамының жасаған мезгілдері тіршілікте істеген іс-әркеттері өте ұқсас болған. Паң Нұмағанбет 1848 жылы туылып, 1925 жылы дүние салғаны анықталған. Ал, Жанайдардың Мейрамы 1846 жылы Терісаққан өзені бойында туылып, 1921 жылы қайтыс болыпты. Екеуі де Меккеге барып, қасиетті Қағбаға зиярат жасап, қажылық міндеттерін орындаған. Нұрмағанбет пен Мейрам тек қана байлыққа ғана мәз болып, жылқы санын, мал басын көбейтуді ғана мақсат етпей, ұлтымыздың қол өнеріне де көп мән беріп, оны дамытуға көп үлестерін қосқан. Бұған мына оқиға дәлел бола алады. Қазақ елі тұтасымен бодандыққа түскеннен кейін, Ресей патшалығы «жабайы халықтың» тұрмыс-тіршілігін көріп, тамашалағысы келген. Сол үшін аймақтарды басқарып отырған орыс әкімдері әркезде көрмелер ұйымдастырған. Міне, сол кезде бойларында намысы бар, зиялы, ел тірегі болған Арқа елінің Нұрмағанбет, Мейрам сияқты азаматтары әлемнің қай түпкірінен адам жиналып келсе де, көрсетуден ұялмайтын қазақ халқының қолөнер түрлерінің неше алуанын жайып салғаны ғасырдан астам уақыт өтсе де, ел аузында аңыз болып келеді.

  Паң Нұрмағанбет пен Жанайдардың Мейрамының еңбектері бұдан 114 жыл бұрын «Дала уаллаяты» газеттерінде де жазылғаны табылып отыр. 1892 жылғы  жаз айларында Сібір қырғыздарының (қазақ) орталығы Омбы шаһарында көрме ұйымдастырылады. Бұл газетте орыс патша наследнигі Цесаревич Николай Александровичтің Омбы шаһарына келіп, «Қазақтардың көшпелі тұрмысы мен ат ойынын көргені» деген ұзақ тақырып басылыпты. Ең бірінші болып Ақмола оязынан Паң Нұрмағанбеттің үйі тігілсе, екіншісі Атбасар оязынан келген Жанайдардың Мейрамының үйі екен. Қаншама үлкен ауыл болып тігілген киіз үйлердің ішінде ең бай жиһаздалғаны  Паңның үйі  екені айтылады. Ал, қазақ тарихынан көп дерек беретін киіз үй Мейрам Жанайдарұлынікі екендігі жазылған. Төңкерістен кейін, Паң Нұрмағанбет: «Заман астан-кестен болғанда өз ажалыммен ал, қайдағы жоқ тексіздерге қор қылып, сүйреттіре көрме!» – деп тілепті. Сол тілек-ниетіне орай, Кеңес өкіметі орнағанда, тәркілеу кезеңіне ілікпей, 1925 жылы дүние салған екен. Содан бері елеусіз қалған бабасының басына жақын ұрпақтарының бірі Марат Нәбиев  деген азамат бас болып, сәулетті кесене тұрғызды. Паңның ауыл-аймағының жеріне 1900 жылға дейін көп тиісе қоймағанмен, кейін кеңес үкіметі тұсында Степногорск қаласы салынды.

Просмотров: 775


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст