Текст
27.02.2023
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Целиноград ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы Кенжаділов Мейірхан Уазиханұлы 10-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгімелесу тақырыптары заңдылықты сақтау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, иттермен кездескен кезде қауіпсіз мінез-құлық негіздері, темекі шегудің алдын алу, ППД болды.
27.02.2023
Учаскелік инспектор Булегенов А.Б. 9-11 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылық" бойынша профилактикалық әңгіме өткізді.
23.02.2023
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай 3 сыныптар арасында “Мен елімнің мақтанышымын” атты тақырыпта алынған шығармалар байқауы. Мақсаты: Оқушыларды достыққа,адамгершілікке ,саналылыққа елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Елін,жерін,тілін,әдет -ғұрпын құрметтейтін ,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
22.02.2023
Педагогика ғылымдарының кандидаты Ф.Я.Вассерманның Биоақпараттану ж/е Синергетика технология бойынша ауызша 1 картасы Әдебиеттік оқу . Тақырыбы: «Балықтарға көмек» Мақсаты:Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.Кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады.Қажетті ақпараттарды тауып,талдау жасап оқи алады.Тақырыпқа қатысты өз ойын айта алады. Өткізген Нугуманова Г.Ж
22.02.2023
Даярлық тобы тәрбиешілері мен ең кішкентай бүлдіршіндеріміз “Жүректен жүрекке” деген қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды . Әрқашан қайырымды жандар қолдарынан келгенше ,мұқтаж адамдарға көмек беріп отырған. Қайырымдылық жасасаң,қайырын көрерсің деп бекер айтпаған. Ұйымдастырушы:Боранбекова Р.М Алтынбекова Г.Ж Сулейменова Ж.А
22.02.2023
Дарынды балалармен кездесу . Тақырыбы: «Жетістікке жету өз қолыңда » Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі анықтай алуға мүмкіндік бере отырып,алдына қойған мақсатына психология жағынан көмек беру,жас жеткіншектердің болашақ тұлғалық дамуына жол ашып ,қолдау білдіру. Өткізген : педагог-сарапшы Еламанова С.Б.
22.02.2023
ЖОД.Дөңгелек үстел. Тақырыбы: «Жылдам оқуға дайындық » Мақсаты:Жылдам оқу техникасы әділ-тәсілдерін қолдану арқылы білім алушылардың оқу жылдамдығын арттыру. Өткізген : Абдыкадырова Д.З. педагог-сарапшы Калабаева Ұ.А
22.02.2023
Аудан көлемінде коучинг ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Топпен жұмыстың тиімділігі мен оқушының даму деңгейіне ықпалы » Мақсаты:Бүгінгі заман талабына сай ,жаңа ағымға қабілетті,өзім шешім қабылдай алатын,өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру,топтық жұмыстың тиімділігі мен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпал ету. Өткізген :педагог-зерттеуші Какимжанова Н.А.
22.02.2023
Кіріктірілген сабақ . Тақырыбы:«Болымды және болымсыз етістік» Мақсаты:Сөйлемнен сөз таптарын табу,болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылықтарын анықтау. Өткізгендер: бастауыш сынып мұғалімі педагог-модератор Аубакирова С.Б., орыс тілі мұғалімі Абжанова Б.К., ағылшын тілі мұғалімі Шошанова Т.Е 3 «Г»сынып
22.02.2023
«1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: 1санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттерін түсінеді,есептеулерде түсінеді. Өткізген :Ермұрат К. 2 «З» сынып